Танымал журналист Нағашыбай Есмырза қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал журналист Нағашыбай Есмырза қайтыс болды

Танымал журналист Нағашыбай Есмырза қайтыс болды

Белгілі журналист әрі тарихшы, қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза өмірден озды.

  • 5 Наурыз 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 5 наурыз күні сот залына барған оның жүрек талмасы ұстап қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

"Серікжан Біләштің сотына келген Нағашыбай Есмырза аға қалалық соттың күту залында құлап қалды. Дәрігерлер қырық минуттан аса арпалысса да ағамыз есін жимады", — деп қаралы хабарды жеткізді журналист Әмірболат Құсайынұлы Facebook-тегі парақшасында.

Құлап қалған соң, ол бірден ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқан.  


Айта кетейік, тарихшы Адольф Гитлер туралы жазбаларымен танымал. Бірнеше жыл бұрын Нағашыбай Есмырзаның "Гитлер — фашист емес" атты сұхбаты "Аңыз адам" журналына шығып, соңы үлкен дауға ұласқан болатын.

Соңғы жаңалықтар