Тапсырыс бойынша түсірілген қазақстандық телехабарлардың сценарийлері тексерілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тапсырыс бойынша түсірілген қазақстандық телехабарлардың сценарийлері тексерілуде

Тапсырыс бойынша түсірілген қазақстандық телехабарлардың сценарийлері тексерілуде

Қазақстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік агенттігі биылғы жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша діни тақырыпта түсірілген қазақстандық телехабарлардың сценарийлеріне мониторинг жүргізе бастады.

  • 24 Маусым 2014
  • 325
Фото - Caravan.kz

"Біз қазір авторлық ұжымдармен, мәдениет министрлігімен, байланыс және ақпарат агенттігімен жұмыс істеп отырмыз. Таралатын хабарлардың мазмұнына сенімді болу үшін, материалды бізге жолдауды ұсынамыз", деді дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ерлан Әбдақасов журналистерге сейсенбіде Астанада.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше деректі және көркемсуретті фильм ғылыми-әдістемелік кеңес сарапшыларының қарауында.