Жарияланды: 890

Тараз бен Меркеде 3 баллдық жер сілкінісі болды

Тараз бен Меркеде 3 баллдық жер сілкінісі болды

17 қараша күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 23:29-да «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді. 

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2, магнитудасы - 6,3. Тереңдігі - 0 шақырым.

Тараз қаласы мен Мерке кентінде қуаты 3 балл жер асты дүмпуі сезілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін