Мерекелік шараға оқу орнының 4000 мыңнан астам студенті қатысты. Бұл туралы аталмыш институттың баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында концерттік бағдарламалар және Елбасының өмір жолынан хабар беретін бейне фильм жұртышылық назарына ұсынылды. Жиында институт ректорының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова сөз сөйлеп, атаулы күннің мән-маңызына тоқталып өтті.
«Бұл – тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма үш жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, сан ғасырлар бойы киіз туырлықты қазақтың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды», — деді О.Көпбосынқызы.
Сондай-ақ, оқу ордасының алаңында студенттер флешмоб ұйымдастырып, өнерпаздар мерекелік концерт тарту етті. Егемендік, елбасы турасындағы ұран сөздер жазылған шарлар мен Бейбітшіліктің символы болып табылатын көгершіндер аспанға ұшырылды.


