Тараз жұрты Ғазиз Байтасовты еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз жұрты  Ғазиз Байтасовты еске алды

Тараз жұрты Ғазиз Байтасовты еске алды

Тараз жұрты үш жыл бұрынғы қанды оқиғаны еске алуда. Қарашаның қара суығында күллі елді дүрліктірген лаңкес Мақсат Қариев жеті адамды жер жастандырған еді. Бүгін мұқым ел сол атыста оққа ұшқан ерлерді еске алып, рухына тағзым етті.

  • 13 Қараша 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz

Мұздай қаруланған лаңкесті капитан Ғазиз Байтасов дәл осы тұста құшақтай құлап тоқтатқан. Жарылғыш зат іске қосылып кетіп, жанкештімен бірге жазым болған еді. Осылайша есіл ер өзгенің жаны үшін өз өмірін қиды. Бұл ерлігіне оған «Халық қаһарманы» атағы берілген. Шаһардағы бірнеше көше мен білім ошақтары батыр есімімен аталады. Жалпы 3 полицей мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 қызметкері міндетін орындау кезінде қаза тапса, екі жергілікті тұрғын адасқан оқтан ажал құшқан. Қапыда құрбан болғандардың даңқын дәріптеу, ұлтқа ұран, ұрпаққа аманат. Бүгінгі іс шара соның бір айғағы.


Гүлжамал Тәжиева, Ғ.Байтасовтың жары:

-Үш жылдан асса да отбасымызға қиын. Ол ешқашан да ұмытылмайды. Өйткені Ғазиз ұлдарының сүйікті әкесі еді. Ғазиз халықтың ұлы болғандықтан, жыл сайын осындай іс-шаралар өткізіледі. Халық ұмытпайды, құрмет көрсетуде. Соның өзі бізге қолдау көрсетеді.