Таразда ақсақал әкімдікке басып кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ақсақал  әкімдікке басып кірді

Таразда ақсақал әкімдікке басып кірді

Таразда әлеуметтік жеңілдікке ие топтар, бір-ақ күнде қоғамдық көлікте тегін қатынау құқығынан айырылды. Соғыс ардагерлері, мүгедек жандар мен көп балалы аналар жолақысын төлей бастаған. Бұған жеңілдігі барлар қарсы шығып осындай шикі шешім шығарғандарды алқымынан алды.

  • 7 Маусым 2014
  • 308
Фото - Caravan.kz


Әмірбек Оразов, 2 топтағы мүгедек

-Бұл не деген бәле?! Масқара! Астанадан келсем Таразда ақша төлейсің дейді. Қалай төлеймін мен екінші топтағы мүгедекпін. Соғыс ардагеріне теңестірілген. Мына жерде отырып алып қарнын қампитып халықты сорады.

Әкімдіктегі жиынға басып кірген ақсақал қоғамдық көліктегі жеңілдіктен айырмауды талап етті. «Онсыз да болмашы зейнетақықымыз жыртығымызды жамауға жетпей жатқанда, бұнысы несі?» дейді. Ал тасымалдаушы компания өкілдері жанармай мен қосалқы бөлшектер қымбаттағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр екенін айтып ақталды. Барлығына билет сатып, шығынды жаппақ болыпты. Алайда олардың бұл әрекеті ұзаққа бармады. Жиынға келген қала әкімінің орынбасары  оларды әлеуметтік жағынан қорғалған тұлғаларды қайтадан тегін тасуға міндеттеді. Есесіне жуық арада автобустағы билет бағасын көтеруге келісті. Бірақ қанша теңгеге қымбаттайтыны әзірге белгісіз.