Шараны Atameken Startup қоғамдық қоры Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасымен бірге ұйымдастырды.
«Конкурста 115 бизнес-идея болған. Жалпы қатысушылардан 90 команда құрылды, оның 12-сі финалға өтті. Онда тақырыптар саналуан болса да табиғатты қорғауға арналған экологиялық жоба ерекше назар аударты», — деді Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Анастасия Толстихина.
Қазылар алқасында кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің мүшелері мен танымал кәсіпкерлер болды.
Бірінші орынды Шерзот Кадырходжаев ұтып алып, 300 мың тенгені олжалады. Оның «EcoPac» жобасы ағаш өндірісіндегі қалдықтарды пайдаланып, қағаз қалташаларды жасауға арналған. Бұл жобаның ерекшелігі сонда қалташа ішіне ағаштың дәні егіледі, сосын оны тастаған жағдайда ішіндегі дәннен ағаш өсіп шығатын болады.
Екінші орынды жеңіп алған Сауыржан Жақаев пен Арсылан Андақұлов, Асқар Мұсылов, 200 мың теңге алды. Үшінші орынды, Аида Мейірбек пен Наурыз Қожамаров ұтып алып, 100 мың теңгеге ие болды.