Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан. Үшеуі ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан. Үшеуі ауруханада жатыр

Таразда белгісіз біреу балаларға оқ атқан. Үшеуі ауруханада жатыр

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті.

  • 20 Сәуiр 2021
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Тараз қаласының полиция басқармасына облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала жеткізілді деген хабарлама түсті. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысты жасаған күдікті анықталып, ұсталды", — деп хабарлады полиция өкілдері.

Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ.


Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етуге жатпайды.