Жарияланды: 30

Таразда бұрынғы түрме бастығы жеті жылға сотталды

Таразда бұрынғы түрме бастығы жеті жылға сотталды

ЖД 158/7 түзеу мекемесінің бастығы мен оның орынбасарына жеке кәсіпкерден пара алды деген айып тағылды

Тараз қалалық соты ЖД 158/7 колониясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасарын жемқорлық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті Қылмыстық атқару жүйелері департаментіне қарасты ЖД 158/7 түзеу мекемесінің бастығы мен оның орынбасарына қатысты жеке кәсіпкерден пара алу фактісі бойынша алдын ала тергеу жүргізді.

"2019 жылдың 31 мамырында Тараз қаласы №2 сотының үкімімен мекеме басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жыл және алты айға бас бостандығынан және "әділет подполковнигі" арнаулы шенінен айырылды, ол мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істей алмайды", - деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Сонымен бірге, оның сыбайласы – колония бастығының орынбасары жеті жылға сотталып, "әділет капитаны" арнаулы шенінен айырылды, ол да енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін