Бес мыңдай сатушыға бұл жолы да қашып шығуға тура келді. Ығыры шыққан кәсіпкерлер сауда нысаны маңынан кетпей табандап тұрып алды. Ақыры жарылғыш зат сол күйі табылған жоқ. Кеше де телефон лаңкесі суыт хабармен жұрттың үрейін ұшырған. Екі қоңырауды бір адамның шалуы мүмкін емес, өйткені алдыңғы жағдайға қатысы бар күдікті таңертең қолға түсіпті. Енді екіншісі іздестірілуде. Ал, жұрт бұны бәсекелестердің қасақана ұйымдастырғаны деп отыр. Айтуларынша, кәсіпкерлерді өздеріне тарту үшін осындай қадамдарға барып жатқан көрінеді.