Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Жамбыл — адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітапсүйер қауым 300-ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады.
«Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат — адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын», — дейді қала тұрғыны Ардақ Сапибулла.