Бұл Тараздағы №42-ші мектеп. Астаң-кестеңі шыққан ғимаратта тәлім алу мүмкін емес. Өйткені қыркүйектен бері білім ошағында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соның кесірінен жүздеген оқушы өзге мектептерге сандалуға мәжбүр.
-Жаяу барасың, азанда 7-де жаяу барасың. Кешке жаяу келесің.
Ығыры шыққан шәкірттердің ендігі жай-күйін мектеп ұжымынан білу қиынға соқты. Ондағылар түсіру тобының камерасына жабысып, тіпті тілшінің жағасынан алды. Онысы аздай, әдепсіз қылықтар көрсетті.
-Мен вахтада тұрамын. Мен айғайлап жатқаным жоқ, да пошел ты.Осы сөзіңізге жауап бересіз бе?
— Мен жауап беремін.
-Мен вахтермін, тфу мә ( тылақ көрсетеді).
Ғимараттан қуып шығуға пәрмен берген директордың орынбасары да салқын қабақпен қарсы алды. Түсірілім жасауға рұқсат бермеген басшы тілшілерді террористке теңеді.
-Террорист шығарсыңдар мен қайдан білем.
-Мені неге түсіріп тұрсыңдар?
Журналисті жанкештімен шатастырған ханым полиция шақыртып, тілшінің үстінен арыз түсірген. Оның соншалықты шу көтеріп, шүйліккені де түсініксіз. Ал, маңына жуытпай шыр-пыр болуына қарағанда, мұндағы былықты жасырса керек.
Гүлшара Бекбауова, мектеп қызметкері:
-Мысалы менің үш балам мектепте оқиды. 100 теңгеден қор жинап жатыр қазір. Не үшін? Мектептің қорына дейді. Мен елдің табанын жуып табам. Қанша бөлініп жатыр ол қайда? Ертең мамыр басталады жөндеуге 500- ден жинатады.
Ал, мектептің директорымен байланысу мүмкін емес. Білім бөлімінің басшылығы да түсінік беруге уақыт таппай отыр.
-Мердігердің айтуынша, құрылысты оқу жылымен қатар бастауына қаржының кеш түсуі себеп болған. Оған 90 млн. теңге бөлініпті. Нысанды өткізу мерзімі келесі айдың басында. Енді тапсырыс берушілердің сұрауымен жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын бітіріуге жанталасып жатыр екен.