Таразда ойын-сауық орындары жұмысын тоқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ойын-сауық орындары жұмысын тоқтады

Таразда ойын-сауық орындары жұмысын тоқтады

Тараз қаласының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты қабылданған қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 28 Сәуiр 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz

Тараз қаласының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты қабылданған қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев айтты.

Спикердің сөзінше, ауру өршіген тұста алдымен медициналық маска кию қатаң сақталуы керек. Мәселен, қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда қоғамдық тамақтану орындарында бетперде кию талаптары таса қалмауы тиіс.

"Қызыл" аймаққа енуге байланысты мектептерді 1-8, 10 сыныптары онлайн форматта оқуға көшіреді.

"Шектеу шараларына байланысты шаһарда өзгерістер көп болады. Мәселен: — ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференциялары;

— отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), өткізуге;

— cенбі және жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен желілерінің (оның ішінде онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда) объектілердің жұмысына;

— жексенбі күндері ашық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына;

— Сенбі және жексенбі күндері жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес), сауналардың, СПА орталықтарының, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының және фитнес-орталықтардың жұмысына тыйым салынды", — деді Бағлан Қыдырбаев.

Сондай-ақ, спикер өз сөзінде мәдениет нысандары да түрлі шараларын шектейтінін айтты. Мәселен, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне де тоқтау салынбақ. Ойын-сауық орындары да жұмыс барысын тоқтады. Яғни, караоке, банкет залдары, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг бар. Балалардың ойын-сауық орталықтары оның ішінде ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, батуттар да өз қызметін тоқтатады.


Санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағ., 07.00- 23.00 дейін супермаркеттер мен гипермаркеттердің қызмет етуіне рұқсат. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 09.00- 20.00-ге дейін ғана.

Сонымен қатар, сағат 07.00-ден бастап сағат 05.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд корттардың қызметіне тек жеткізуге және әкетуге рұқсат.

Ал ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендерінің (жеке тұрған) қызметіне шектеу жоқ. Кеңсе, ұйым қызметкерлерін 80% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру, 20% күндізгі режимге ауыстыру жүргізілмек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, банктердің, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері сағат 9.00-18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.