Таразда сарбаздар тірідей өртеніп кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда сарбаздар тірідей өртеніп кете жаздады

Таразда сарбаздар тірідей өртеніп кете жаздады

Тараздағы 55/13 әскери бөлімінің 4 сарбазы мен бір әскери қызметкері тілсіз жаудың құрбаны бола жаздады. Көлік жөндейтін орталықта болған жарылыстан бесеуінің денесі қатты күйіп қалған. Қазір екі жауынгер жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер өзге екі сарбаз бен офицердің жағдай қалыпты деп отыр. Барлығының денесін 20-дан 35 пайызға дейін күйік шалыпты. Олар енді бір ай бойы осында жатып емделеді. Ал, әскери бөлімінің басшылығы жағдайдың қалай болғанын өздері түсінбей отыр. Айтуларынша, оқыс жағдай кеше күндіз көлік жөндейтін бокстың шұңқырын тазартып жатқанда болған. Болжам бойынша, бензин толы бес литрлік канистр өзінен-өзі жарылып, арты өртке ұласқан. Өртенген күйі далаға жанұшыра жүгірген сарбаздарды өзге әріптестері көріп, өлімнен арашалап қалыпты. Әзірге жарылыстың нақты себебі белгісіз.

Бақыт Әлібаев, Тараздағы 55/13 әскери бөлімі бастығының көмекшісі:

-Бес литрлік канистір бокстың ішінде тұрған. Сол жерде аққан майларды сүртіп, тазалап жатқан. Бүгін парк шаруашылығы күні болған. Сонда тазалық жұмыстары жүріп жатқан кезде сондай болған. Мүмкін канистрдағы бензин қызып сол атылды ма, белгісіз.