Жарияланды: 40

Таразда судья пара алып жатқан сәтте ұсталды

Таразда судья пара алып жатқан сәтте ұсталды

Тараздық судья парамен ұсталды. 

Бұл туралы Tengrinews.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті ҚР Жоғарғы Соты Аппаратының Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Тараз қалалық соты судьясының қылмысын әшкереледі, судья жеке тұлғадан мүлік бөлісу туралы азаматтық іс бойынша орындау хатын бергені үшін 650 мың теңге алған", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Судьяға қатысты өз кінәсін толықтай мойындап отырғандықтан ұстау шарасы жүргізілмегені айтылады. Соталды тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада Лениннің орнына Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қойылмақ

Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді

Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін