Таразда үйлері жөндеу көрмеген тұрғындар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда үйлері жөндеу көрмеген тұрғындар шу шығарды

Таразда үйлері жөндеу көрмеген тұрғындар шу шығарды

Таразда тозығы жеткен бесқабатты үйдің тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша көмектен қағылған. Қырық жылдан бері жөндеу көрмеген ғимараттың әбден тозығы жетіпті. Тіпті жұрт жауынды күні төбеден аққан суды шелектеп сыртқа тасиды. Соның кесірінен пәтерлеріне де жөндеу жүргізе алмай отыр. Осыған әбден ыза болған тұрғындар бүгін биліктен жәрдем сұрады.

  • 4 Шiлде 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Жауын жауса тұрғындардың құты қашады. Өйткені шұрық-тесік шатырдан су тоқтамайды. Жұрт ақша жинап, бүлінген жерлерін талай мәрте өздері жөндегенімен, еңбектері еш кеткен. Пәтерлеріне де жөндеу жүргізе алмай отыр. 

-Мысалы мен әдемілеп жөндеу жүргіземін, ертең жаңбыр жауады, қар жауады сонда мен бір үй үшін шығынға батуым керек пе? Мынадан халықтың бәрі ауру болады. Тіпті бұдан қандай ауру тарайтынын білесің бе?

Жұрттың айтуынша,жертөленің жыры жылысу келгенде басталадыекен. Тозығы жеткен құбырларжарылып, тұрғындар тізеденсукешеді. Кәріз жүйесінде өздері ретке келтіріпті. Бес қабатты үйді күрделі жөндеу үшін 28 млн. теңге қаржы бөлінген дейді тұрғындар. Бірақ сол қаржының қайда жұмсалғаны белгісіз. Ал «Тұрғын үй жөндеу Тараз» компаниясының басшысы бұл ғимаратқа мемлекет тарапынан қаржы бөлінбегенін алға тартты. Тек 9 млн. теңгенің сметасы алдында жатқанын мойындады. Алайда бұл бұл қаржы үй жөндеуге жеткіліксіз.


Асан Досыбаев, «Тұрғын үй жөндеу Тараз» ЖШС директ
оры:  

Сіздер тек күтесіздер. Екіншіден сіздер құжаттар, сметаны алып, жаңағы 9 млн. тұр ғой, не кіретіні, сосын не кірмейтінінқайтадан көрсетіп жасатыңыздар. Бүкіл күрделі жөндеу жүргізгенге. Қайтадан жасатып әкеліңіз дер, өйткені кейін үлгермейсіздер.

Бес қабатты үйге биылда жөндеу жүргізілмейтіні белгілі болды. Өйткені осы жылы тек 23 үйді қалпына келтіру үшін ел қазынасынан 500 млн. теңге бөлініпті. Алжөндеужүргізілуітиісғимараттартізімінедау шыққан нысан тағы кірмей қалған.