Таразда зағиптар көмекшілерінің жалақысын көтеруді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда зағиптар көмекшілерінің жалақысын көтеруді талап етті

Таразда зағиптар көмекшілерінің жалақысын көтеруді талап етті

Тараздағы зағип жандар көмекшілерінің жалақысын көтеруді талап етуде. Айтуларынша, оларға берілетін ақша мардымсыз. Оның үстіне сол болмашы қаржының өзі 4 айдан бері қолдарына тимеген. Осы жайды айтып қолдау таппаған мүгедектер енді бұл мәселеге құзырлы орындардың араласуын сұрап отыр.

  • 22 Тамыз 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz

Жәмилә Қанабаева, бірінші топтағы мүгедек:

— Жеке көмекшіге азғантай ғана ақша төлейді.  Өйткені ол 4 адамды жетектейді. Сол 4 адамға 11400 төлеген. Дұрыс емес қой. Отбасы бар, жолақы керек, сонда қалай жұмыс істеу керек?

Қаладағы 150-ге жуық зағиптың жиырмадан астамы күтуші жалақысының аздығына наразы. Олар жүріп-тұрғанымыз үшін талап етілетін құжатты түгендеуден де шаршадық дейді. Өйткені кей жағдайларда анықтама қағазы берілмейді, соның кесірінен жәрдемшілерге айлық аз шығады екен. Сондықтан олар барған жеріңді растайтын қағазды сұрамауды талап етуде. Алайда үкіметтің қаулысына жүгінген шенеуніктер мұны заңға қайшы санайды. Яғни мүгедектердің бұл талабы орынсыз дейді. Ал көмекшілердің төрт айдан бері жалақы алмауына зағиптардың өздерін кінәлады. Себебі олар биылғы келісім-шартқа қол қоюдан бас тартыпты. Соның кесірінен күтушілері еңбекақыдан қағылған.