Таразда жалақыдан қағылған жұмысшылар наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жалақыдан қағылған жұмысшылар наразылық білдірді

Таразда жалақыдан қағылған жұмысшылар наразылық білдірді

Таразда 70-ке жуық жұмысшыны алматылық компания алдап соқты. Мердігер оларды 6 ай бойы жұмысқа салып, ақыры ақшасыз қалдырған. Қазір серіктестіктің басшысы қашып жүр. Енді бақыр тиынсыз қалған бұқара, табан ақысын кімнен талап етерін білмеуде. Ал, осы істі тексеруі тиіс құзыретті орындар бизнес нысандарына мараторий жарияланғанын айтып, алаңсыз отыр.   

  • 24 Мамыр 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

Ашулы адамдар газ ұңғымасын бұрғылау компаниясының басшысын ит салып таба алмай жүр. Жұмыс беруші жарты жылдың жалақысын төлемеген. Жалпы соммасы 70 млн. теңге берешек көрінеді. Бірақ, содан 70 тиын да бұйырмайтын түрі бар.  

Ғалым Бегенбаев, жұмысшы:

-Мен өзім 7 ай болды айлық алғаным жоқ. Менің окладым айына 103 мың. Осы сәуірдің 13- не келдік. Әңгімерелі сол, ертең, арғы күні кел, ай, күте тұрыңдар, міндетті түрде болады деп, жеті ай жатып келдік. Бурильныйдың басында.

Еңбекақысын даулап жүргендердің жалпы саны жетпіс адам. Жартысы Шымкенттен. Ақшасын ала алмай, ақыры көбісі ауылдарына қайтып кеткен. Ал, өзегелері мына пәтерді күзетіп жүр. Өйткені осы шағын кеңседе оларды жұмысқа қабылдапты. Бірақ мұнда да тұшымды жауап беретін жан жоқ. Есепшінің өзі де бастығымен есеп айырыса алмай жүр екен.   

Гүлзира Сыздықова, есепші:

-Менің өзім, осылармен бірге жалақымды даулап жүрмін. Басшылыққа шыққанымызда, күте тұрыңыздар толық төлейміз деген. Бірақ, тағы алдап кетті. Тіпті жұмысшыларға еңбек кітапшаларында бере алмай отырмын.

Басшылықпен бетпе-бет жүздесу үшін ат арылтып Алматыға да барған. Бірақ, нәтижесіз. Өйткені бас кеңсенің есігінде қара құлып тұр. Тек, телефонмен ғана тілдесуге болады. 


Нүркен Исқалиев, компания директоры:

— Жалақымызды қашан бересіңдер?

— Мереке Жанғазиевке хабарласыңдар.

— Ол телефонын алмайды.

— Мен көптен бері директор  емеспін. Әрі мен қазір Атырау қаласындамын.

-Түбі қаржы дауы аяқсыз қалуы мүмкін. Фирма Алматылық болғандықтан, бұл іске жергілікті құзырлы орындар араласуға дәрменсіз. Ал, Алматыдағы еңбек инспекциясының өкілдері, мараторий жариялануына байланысты бизнес нысанын тексеруге қақымыз жоқ деп қысқа қайырыпты. Прокуратурасына да шағым түсірген, бірақ одан да әзірге жауап жоқ.