«Сетра» жолаушылар автобусының ішінен 52,5 келі кептірілген марихуана анықталды.
Көлік құралының жүк салу бөлігін тексеру кезінде қызметтік ит іші марихуанаға толы екі спорттық сөмкені анықтады.
«Автобус жолаушыларының бірі, заңсыз жүктің 30 жастағы иесі далалық аймақта жасырынбақ болды, бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап, Жамбыл АІІБ-не жеткізді», — деп атап өтті облыстық полициядан.
Қазіргі кезде ер адам қамауға алынған. Жамбыл аудандық ІІБ-нің тергеушілері есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын бастап кетті.