"Тараздың үстіне улы заттар шашылды". Әкімдік қауесетке жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тараздың үстіне улы заттар шашылды". Әкімдік қауесетке жауап берді

"Тараздың үстіне улы заттар шашылды". Әкімдік қауесетке жауап берді

Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары Тараздың аспанында түсірілген ұшақтың ізін адамдарды "уландыратын" химикаттардың ауада тозаңдануының дәлелі деп мәлімдеген видеоны талқылап жатыр.

  • 8 Қараша 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жазба авторы тұрғындарды денсаулықтарын бақылауда ұстауға, сынама алып сараптамаға жіберуге, сондай-ақ көшеде респиратор киюге шақырады.

"Тергеу жұмыстарын жүргізіп, рейдтік әрекеттерді жасаған тұлғаларды және оларға осындай бұйрық беретіндерді анықтауды талап етемін. Біздің аспанға не шашып жатқанын анықтап, шаң мен суда улы заттар мен алюминийге сараптама жүргізуді, тергеу жүргізуді талап етемін", — деп жазба авторы прокуратура мен СЭС-ке жазуды ұсынады.

Жамбыл облысының әкімдігі химиялық заттарды ауаға шашу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Жамбыл облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Таразда дезинфекциялау немесе аспаннан қандай да бір заттарды шашу арқылы өңдеу жүргізіліп жатқан жоқ. Дезинфекциялық іс-шаралар арнайы мекемелермен рұқсат етілген препараттармен жер үсті автокөлігімен жүзеге асырылады", – деп хабарлады ведомстводан.


Демек, видеоға түсірілген аспандағы ақ із конденсациялық із болып табылады. Олар ұшақ суық және ылғалды ауа массаларынан өткен кезде пайда болады.

Соңғы жаңалықтар