Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Гүлнар есімді 32 жастағы тараздық ару "Қарақатын Қолтықшаш" есімімен Тикток желісінде өте танымал. Ерсі қылықтарымен видео түсіріп, оны жүктеп танымалдылыққа ие болған Гүлнар бұл қылығын уақытша хайпқа балады.
" Сегіз айлық сәбиім бар, оны асырауым керек. Күйеуіммен ажырасып кеткенмін. Ол баласынан бас тартқан. Алимент төлемейді, талап етсең мен өзіме қол жұмсаймын деп шешесін қорқытқан адам. Жұмыс жасайын десем баламды тастап кететін адам жоқ. Анамның денсаулығы жарамайды. Сол себепті осындай видеолар түсіріп танымал болып, жарнама жасап, ақша табу ойымда болды. Бірақ бұл уақытша нәрсе, кейін балам өскен соң жақсы заттар түсіремін. Контент жинаймын, көпке үлгі болар видеолар болады. Қазіргі видеоларым бұл ел назарын өзіме аударту үшін жасалып жатқан дүниелер. Мені көпшілік есі дұрыс емес әйел деп ойлайды, бірақ менде бәрі дұрыс. Бәрі хайп үшін"- дейді.
"Астарлы ақиқат" бағдарламасы Гүлнар ханым үшін бір емес, бірнеше бағдарлама жасауға уәде берді. Қазір қарақатын қолтықшаш келесі бағдарламада жаңарған Гүлнар болып шығуы әбден мүмкін.
Тиктоктағы видеоларын осы жерден көрсеңіздер болады: