Тәртіп сақшыларының жорамалы бойынша бүгін Алматыда болған жарылыс лаңкестік әрекет емес - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшыларының жорамалы бойынша  бүгін Алматыда болған жарылыс лаңкестік әрекет емес

Тәртіп сақшыларының жорамалы бойынша бүгін Алматыда болған жарылыс лаңкестік әрекет емес

Тәртіп сақшыларының алдын-ала жорамалы брйынша бүгін 12-мамырда Алматыда болған жарылыс лаңкестік әрекет емес. Алматы қалалық ІІББ бастығының орынбасары Марат Қожаевтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, "бұл қасақана кісі өлтіру" оқиғасы болуы мүмкін.

  • 12 Мамыр 2004
  • 946
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, 16 сағат 10 минутта Желтоқсан көшесі 96 үйге кіре беріс есікке таяу жерде белгісіз бір еркектің қолындағы жасанды жарылғыш зат жарылып, әлгі адам мерт болды.

Жарылыс орнына келген жедел-тергеу топтары ТТ маркалы тапанша, киімнің бөлшектері мен ақшалар тауып алды. Алдын-ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам 30-35 жастар шамасындағы Қазақстан азаматы.
М.Қожаевтың айтуынша, «жарылыс қуаты туралы айту әзірге ерте». Жарылысқа қатысты толық мәліметті тергеушілер тобы анықтайды.