Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Полиция сержанттарын офицерлер құрамына кіргізу беру жоспарлануда. 

  • 20 Қыркүйек 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов ішкі істер органдарын модернизациялау жөніндегі отырыста бұл мәселені жүзеге асыру үшін қосымша 1 миллиард теңге қажет екенін айтты.

"Сіз бұл мәселені қалай шешесіз? Өтініш бар ма? Қаржы министрлігі не ойлайды?" — деп сұрады депутат.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калаичиди бұл бастама жергілікті бюджеттен қаржыландырылады деп жауап берді.

"Иә, бұл мәселе шешіліп жатыр. Бізде әр әкімдікпен жұмыс кестесі бар. Негізінен бұлар патрульдік полицейлер. Жоғары білімі жоқ лауазымы жоғары адам әлі де жауапкершілікті аз сезінеді. Біз ең көп құқық бұзушылықты кім жасады деп талдадық. Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды. Бұл азаматтармен қарым-қатынас этикасы және шешім қабылдаудың бұрыстығына қатсыты. Біз оларды офицерлер құрамына кіргізіп жатырмыз. Бұл үшін бюджеттен ақша бөлінген. Әр аймақтың кестесі бар", — деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде 2 мыңға жуық сержант офицерлер құрамына ауыстырылды.


 

Соңғы жаңалықтар