Ташкентте адамдарды кепілдікке алған лаңкес өзін-өзі өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте адамдарды кепілдікке алған лаңкес өзін-өзі өлтірді

Ташкентте адамдарды кепілдікке алған лаңкес өзін-өзі өлтірді

Ташкенттің "көне қала" деп аталатын ауданындағы бір жеке меншік үйде үш адамды кепілдікке алған лаңкесті залалсыздандыру шарасы аяқталды.

  • 1 Сәуiр 2004
  • 630
Фото - Caravan.kz

Өзбекстанның лаңкестікпен күрес және қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары Олег Биченовтың осы елдің «Арена» атты тәуелсіз сайтының тілшілеріне хабарлауынша, қармаушы топ үйге қапылыста басып кірген кезде әлгі адам өзін-өзі жарып жіберген.

Оқиға орнынан 500 метр жерде болған журналистер не себепті жарылыс үнін естімей қалды деген сауалға құқық қорғау мекемесінің өкілі жауап беруден бас тартты. Оның айтуынша, үйде кепілдікке алынған адамдар болмай шыққан, ал үй әлгі еркектің өз үйі көрінеді. Арнаулы қызмет өкілдері арасында құрбан болғандар жоқ.
Ал лаңкес үш адамды кепілдікке алды, олар арнаулы операция кезінде зардап шеккен жоқ деп хабарлаған НТВ телеарнасы жоғарыдағы ақпаратты жоққа шығарады. Телекомпания жариялаған мәліметтер бойынша, екі милиция қызметкері жараланған.
Осы уақытқа дейін Өзбекстандағы лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 30 адам ұсталды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне Өзбекстанның бас прокуроры Рашид Кадыров хабарлаған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ташкент және Бұхара облысында 28-30-наурыз аралығында жалғаса шыққан лаңкестік әрекеттерден 22 адам қаза тауып, 31 адам жараланды.