Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кездесу кезінде Қазақстан мен Өзбекстанның азаматтық авиация саласындағы екі жақты қарым қатынастарының тиімділігі мен болашағы талқыланды.
«Мемлекет арасындағы тауар айналымының және екі елдің кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қатынастардың дамуын ескере отырып, екі жақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе рейстер санын ұлғайтып, олардың географиялық ұшу ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін атап өтті «, — деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметі.
Бүгінгі кезде ұлттық әуе компаниясы Ташкент — Алматы — Ташкент бағытында аптасына бес рейс жасаса, Ташкент — Астана — Ташкент әуе жолындағы бағытымен аптасына екі рет ұшақ ұшырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті