Ташкентте қымбат көліктердің соңына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте қымбат көліктердің соңына түсті

Ташкентте қымбат көліктердің соңына түсті

Ташкент қаласында жол-күзет қызметі қымбат автокөлік иелерін тоқтаып, оларға түрлі айыппұлдар салуды, айыппұл тұрағына апарып қоюды жиілетті. Өзбекстан астанасындағы тексерулер Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.

  • 25 Қазан 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz

Рейдтер нәтижесінде 10 қазанда Ташкент жолдарында ондаған автокөлік ұсталған. Олардың барлығы айыппұл тұрағына қаңтарылған. Жүргізушілер авткөліктерін ала алмай жүр.

Жол-күзет қызметінің бір офицері негізінен қымбат көліктер ұсталып жатқанын айтты:

"Соңғы уақытта Ташкентте байлар көбейді, олар МАИ қызметкерлеріне менсінбей қарайды. Сол себепті біз оларды ұстап, жөнге келтіріп жатырмыз", — деді ол.

Айыппұл төлегендердің арасында үкімет шенеуніктері де бар. Ташкенттік жүргізушілер болмашы себептерге бола айыппұл салатынына шағымданды.


Соңғы жаңалықтар