Ташкенттегі жарылыс құрбандарының арасында бірнеше милиция қызметкері бар - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкенттегі жарылыс құрбандарының арасында бірнеше милиция қызметкері бар

Ташкенттегі жарылыс құрбандарының арасында бірнеше милиция қызметкері бар

Ташкенттегі Чорсу базарындағы жарылыс құрбандарының арасында бірнеше милиция қызметкері бар,- деп хабарлайды қайғылы оқиға орнында болып қайтқан KZ-today агенттігінің меншікті тілшісі.

  • 29 Наурыз 2004
  • 348
Фото - Caravan.kz

Жарылыс бүгін, 29-наурызда «Балалар әлемі» дүкенінің жанындағы Чорсу базарында милиция қызметкерлерін тарату процессі кезінде болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыстың қуаттылығы сондай, зардап шеккен адамдардың быт-шыт болған денесі жан-жаққа шашырап кеткен. Оқиға куәгерлері кем дегенде 10 адам мерт болды деп мәлімдеуде. Алайда, төтенше оқиға құрбандары мен зардап шегушілердің нақты санын білу мүмкін болмай отыр. Жараланғандар Ташкенттегі бірінші клиникалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдаймен Чорсу базары қоршауға алынды.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, алғашқы жарылыстан шамалы уақыт кейінірек Чорсу автостанциясына таяу жерде тағы бір жарылыс болды. Ал 28-наурыз күні кешкісін Бухара қаласында екі жарылыс жасалды. Түрлі ақпарат көздерінің мәліметіне жүгінсек, онда 6 адам қаза тапқан.
Өзбекстан арнаулы қызметтерінің алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыстарды жанкешті-лаңкестер жүзеге асырған.
Төтенше оқиға туралы толыққанды ақпаратты Өзбекстан билік орындары кешке қарай жария етеді деп күтілуде.