Тәтті тамыз: бал мен алма мерекесі өтті - Семей - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәтті тамыз: бал мен алма мерекесі өтті - Семей

Тәтті тамыз: бал мен алма мерекесі өтті - Семей

Семейде «Бал мен алма» мерекесі жәрмеңкесінде аймақтың 20-дан астам омарташысы өз өнімін ұсынды.

  • 19 Тамыз 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz


Шараны Орыс әлеуметтік-мәдени орталығы мен қалалық омарташылар қауымдастығы ұйымдастырды. Орталық төрағасының орынбасары Надежда Козыреваның айтуынша, бұл мереке үшінші жыл өткізіліп отыр.

«Славян халқы тамыз айында бірнеше мереке тойлаған: бал, алма, жаңғақ, саңырауқұлақ, нан және жидек. Алайда, алғашқы үшеуі ғана көпке танылды. Әрбір мерекенің өзіндік маңызы бар», — деді Н.Козырева.

Жәрмеңкеге облыстың әр ауданынан өнімдер әкелінді. Қолжетімді бағада алма мен бал сатылды. ШҚО Бородулиха және Шемонаиха аудандарында омартамен айналысатын фермерлер Семей қаласының тұрғындарына балдың бірнеше түрін ұсынды.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы Бас консулдығының вице-консулы Сергей Шимко «Бал мен алма» мерекесінің құрметті қонағы болды. Семейліктерді мерекемен құттықтаған ол бірқатар мәдениет саласы қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттады.