"Тәуіп тірі деді": Таразда жоғалған өрт сөндірушінің туыстары дала кезіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тәуіп тірі деді": Таразда жоғалған өрт сөндірушінің туыстары дала кезіп жүр

"Тәуіп тірі деді": Таразда жоғалған өрт сөндірушінің туыстары дала кезіп жүр

Жамбыл облысындағы жарылыстан соң із-түссіз жоғалған өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары тәуіптердің алдына барып, бүгінде дала кезіп жүр. Іздестіру жұмыстарынан күдер үзген Бауыржанның отбасына көріпкел үміт сыйлаған. Ол Дәуітбаевтің тірі екенін айтқан.

  • 29 Қыркүйек 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскерилер іздестіру жұмыстарының үздіксіз жүріп жатқанына сендірді. Ал өз өмірін құрбандыққа тіккен батырдың туыстары алдымен, егіс алқабын қарап, сосын Тараз қалалық №1 ауруханасына бармақ. Себебі олар апат кезінде ауруханаға алғаш түскен науқастардың бірінің белгісіз суретін Бауыржанға ұқсатыпты.

"Бір сурет жартылай түскен, соны қарап күдіктеніп отырмыз, біздің ініміз шығар деп. Барып камераны түгел аштырсақ па дегенбіз. Баукаға ұқсатып отырмыз, суретті салыстырып. Қазір тәуіптің айтқанымен Базарбайдың егіс алқабын қарап жүрміз", — деді Бауыржанның әпкесі Фарида Дәуітбаева.


Соңғы жаңалықтар