Таяуда ғана босанған Маржан Арапбаева сәбиін көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяуда ғана босанған Маржан Арапбаева сәбиін көрсетті

Таяуда ғана босанған Маржан Арапбаева сәбиін көрсетті

Әнші Маржан Арапбаева 14 желтоқсанда үшінші сәбиін дүниеге әкелді.

  • 16 Желтоқсан 2018
  • 401
Фото - Caravan.kz

Перзентханада жатқан әнші желіде сәбиімен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Таяуда ғана үшінші сәбиін босанған әнші Instagram желісінде перзентімен бірге түскен суретін жариялады. Өз жазбасында Арапбаева өзін құттықтаған көпшілікке алғыс білдірді.

«Аллаға шүкір, тағы да ана атанып, қуанышыммен бөлісіп жатырмын. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші сіздердің баталарыңызбен осы қуанышты сәтке жеттім. Жан-жақтан келген құттықтауларыңызды оқып, бізге білдіріп жатқан ақ тілек пен ниеттеріңізге үлкен рахметімді айтамын!» – деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Маржан Арапбаеваға бауы берік болсын айтысып, ақжарма тілектерін жаудыруда.


Еске сала кетсек, бұған дейін Маржан Арапбаеваның үшінші перзентін дүниеге әкелгенін хабарлаған едік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Соңғы жаңалықтар