Жарияланды: 40

Тазалықшы ұшақ әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды

Тазалықшы ұшақ әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды

Полиция әуе компаниясы қызметкерлерімен бірге болған оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.

Нью-Йоркте тазалықшы Ла-Гуардия әуе кемесінің әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды.

Жансыз шарананы American Airlines қызметкері көріп қалыпты. Ол сейсенбі күні Солтүстік Каролинадан Нью-Йоркке қонған ұшақты тазалап жатқан.

РИА Новости жазғандай, әуе компаниясының өкілдері қазір полицейлермен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.   

"Біз бұл қайғылы әрі шетін жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнаттық", — деп мәлімдеді American Airlines өкілі.

Әуежай өкілдері Twitter-де осы жолақпен ұшатын барлық рейстің жолаушыларына полиция тексеріс жүргізіп жатқанына байланысты ұшақтар кешігуі мүмкін екенін ескертті.    

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть