Тәжік шенеуніктері шетелден алған қымбат сыйлықтарын мемлекетке тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжік шенеуніктері шетелден алған қымбат сыйлықтарын мемлекетке тапсырады

Тәжік шенеуніктері шетелден алған қымбат сыйлықтарын мемлекетке тапсырады

Тәжікстанда шенеуніктердің шетелден алған сыйлықтарының бір жылдағы құны 5500 сомониден ($580) аспауы тиіс. Бұл сомадан асып кеткен жағдайда, шенеунік қымбат сыйлықтарды мемлекетке тапсыруға міндетті.

  • 21 Маусым 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік қызмет агенттігі дайындаған қаулы жобасына сәйкес, шенеуніктер шетелден сыйлық алғанын басшылыққа хабарлауы тиіс, деп жазды centralasian.org

Қызмет бабымен шетелден оралған шенеуніктердің барлығы қаржы есебін бухгалтерияға өткізеді, онда алған сыйлығының құны да көрсетіледі.

Қаулы жобасын министрліктер мен мекемелер талқылап жатыр. Шенеуніктердің сыйлық алу тәртібі парламенттің жемқорлықпен күрес туралы заң жобасы қабылданған соң бекітіледі.


Сыйлық алғанын жасырып қалған шенеуніктерді қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.