Соның салдарынан Тәжікстанның екі бейбіт тұрғыны оқ жарақатын алды, деп «Интерфакс» агенттігіне тәжік күш құрылымындағы жоғары лауазымды дереккөз мәлімдеді.
Бұл ақпаратты тәжіктің бірнеше тәуелсіз ақпарат құралдары растады.
«Ворухта таңертең жергілікті тұрғындар митингке шығып, жергілікті биліктен қырғыз шекарашыларының шабуылдау әрекеттерін тойтаруын талап еткен. Митингке бір топ қаруланған қырғыз шекарашылары келген. Олардың арасында өзара ұрыс-керіс туып, шекарашылар автоматтан бейбіт тұрғындарға оқ атып екі адамды жаралады», — дейді дереккөз.
Жергілікті билік қырғыз шекарашыларын Ворухтан кетуге көндірді.
Бейсенбі күні күндіз Тәжікстанның Исфар қаласы маңындағы тәжік-қырғыз шекарасында Тәжікстанның бір азаматы қайтыс болып, жеті адам жарақат алған,. Оның бірі тәжік шекара қызметкері.
Тәжікстан сыртқы істер министрлігі жұма күні ресми мәлімдеме жасап, оқиға үшін жауапкершілік қырғыз шекарашыларында екенін айтқан. Министрліктің айтуынша, қырғыз шекарашылары анклав аумағына кіріп, жергілікті тұрғындармен сөзге келіспей оларға оқ жаудырған. Сол жерге келіп жеткен тәжік шекарашылары оқ атпаған.
Ресми Душанбе Бішкекке оқиғаның мән-жайын анықтауды талап етіп нота жолдады. Екі елдің вице-премьерлері осыған қатысты кездесу өткізуде.
Екі ел билігі бірлескен шекараны белгілеу, бөлуге қатысты мәселені шешпек. Учаскелердің көп бөлігі дау туғызады. Жергілікті тұрғындар көлік жолының өтуі, мал жайылымы, су көзі секілді мәселелердің шешілмеуі салдарынан жиі қақтығысып жатады.