«Тәжікстан президенті жанындағы есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері Ауғанстан полициясымен бірлескен операциясының нәтижесінде заңсыз айналымнан 161 кг шикі апиын тәркіледі», — деп хабарлады агенттік.
Аталмыш қылмысқа күдікті деп 8 адам ұсталды. Олардан сондай-ақ, көптеген қару-жарақ тәркіленді.
Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындай бірлескен операциялар нәтижесінде есіртікінің 300 килосы тәркіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті