Тәжікстан президенті бірқатар ауыс түйістер жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті бірқатар ауыс түйістер жасады

Тәжікстан президенті бірқатар ауыс түйістер жасады

Душанбе. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 3 мамырда бірқатар ауыс түйістер жасап, жаңадан тағайындалған қызметкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Мамыр 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Президенттің қаулысымен 14 адам Таулы-Бадахшан автономиялық облысының, Хатлон облысы мен Душанбе қаласының қалалық және аудандық дәрежедегі соттардың төрағалығына және төраға орынбасары қызметтеріне тағайындалды», — деп хабарлады ТР президентінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ТР Ішкі істер министрінің орынбасарлық қызметін атқарып келген Эркин Қасымов Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ал ТР намояндагон маджлиси олидің халықаралық істер, қоғамдық бірлестіктер мен ақпарат комитетінің төрағасы болған Асомуддин Саидов Қырғызстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

ТР Сыртқы істер министрлігінің арнайы ақпарат және кадрлар басқармасының бастығы Фаррух Шарипов РФ Екатеринбург қаласындағы бас консулы болып тағайындалды.

ТР президентінің атқару аппаратының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған Хаким Мирсаев президенттің атқару аппаратының бақылау бөлімінің меңгерушілік қызметіне ауыстырылды. Сондай-ақ , бұған дейін ТР президенті жанындағы мемлекеттік қызмет басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Асрор Латипов президенттің атқару аппаратының ұйымдастыру бөлімінің меңгеруші қызметіне ауыстырылды.

Э. Рахмон кейбір сот қазыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасайтынына байланысты алаңдаушылығын білдіріп, жаңадан тағайындалған сот төрағалары мен олардың орынбасарларын адал қызмет жасауға және заңның орындалуын қамтамасыз етуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті