Тәжікстан Республикасы президентінің Астанаға сапары барысында Қазақстан Республикасының Рогун консорциумына кіру мәселесі шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан Республикасы президентінің Астанаға сапары барысында Қазақстан Республикасының Рогун консорциумына кіру мәселесі шешіледі

Тәжікстан Республикасы президентінің Астанаға сапары барысында Қазақстан Республикасының Рогун консорциумына кіру мәселесі шешіледі

Душанбе. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның Астанаға сапары барысында Рогун су электр станциясын салып бітіру жөніндегі консорциумға Қазақстанның кіруі туралы келісімге қол қойылуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Сәуiр 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

Тәжікстанның Энергетика және өнеркәсіп министрлігінің хабарлауынша, бұл мәселе әлі де екі жақтың талқылауында тұр.

Сонымен бірге, тараптар 500 кВ-тық Ходжент — Алматы электр желісін салу жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

«Тәжікстан президентінің сапары мамыр айының басына жоспарланған. Қазіргі уақытта екі елдің жұмыс топтары маңызды құжаттардың тұтас пакетін әзірлеуде. Оларға Астанада өтетін келіссөздер нәтижесі бойынша қол қойылуы мүмкін», — деп хабарлайды «Азия-Плюс».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті