Тәжікстанда Ауғанстанмен шекаралас аумақтағы қышлақта героиннің ірі партиясы қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда Ауғанстанмен шекаралас аумақтағы қышлақта героиннің ірі партиясы қолға түсті

Тәжікстанда Ауғанстанмен шекаралас аумақтағы қышлақта героиннің ірі партиясы қолға түсті

Душанбе. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда Ауғанстанмен шекаралас аумақтағы Шуроабад ауданының Ёл қышлағында Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Хатлон басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан героиннің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 351
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұқарамен байланыс орталығынан хабарлағандай, жергілікті тұрғынның үйінен Ауғанстаннан шыққан 39 кг героин мен 12 кг марихуана табылып тәркіленген. Осы оқиға бойынша құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы Ауғанстаннан есірткінің Тәжікстанға қалай тасымалданғанын анықтайтын болады.

Жергілікті тұрғын тұтқындалған. Оған қатысты Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200- бабының 4-тармағы (сату мақсатындағы есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті