Тәжікстанда биылғы жылы мақта егуге бөлінген аумақтың 90% мақта егілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда биылғы жылы мақта егуге бөлінген аумақтың 90% мақта егілді

Тәжікстанда биылғы жылы мақта егуге бөлінген аумақтың 90% мақта егілді

Душанбе. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда биылғы жылы мақта егуге бөлінген аумақтың 90% немесе бөлінген 253 мың 752 га жердің 228 мың 705 га мақта егілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 352
Фото - Caravan.kz

Ауылшаруашылық министрлігінің өсімдік шаруашылығы басқармасының бастығы Саидмурод Бахриддиновтің хабарлауынша, биылғы кампания мықты қарқынмен жүріп келеді.

Өткен жылы елде 419 597 тонна шикі мақта жиналған. Бұл жоспарланған 550 мың тоннаның 76,3% құраған. Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, елде мақта егетін 33 аудан бар. 32,5 мың диқан шаруашылығының 10 941-і мақта егумен айналысады. Елде мақта егу дәстүрлі түрде наурыз мейрамынан кейін басталып, мамырдың екінші онкүндігінде аяқталады.

Болжанып отырған жоспарды мақта егетін шаруашылықтар 10 мамырға дейін іске асырмақ ниетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті