Тәжікстанда милиционерлерге неліктен театрға бару міндеттелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда милиционерлерге неліктен театрға бару міндеттелді

Тәжікстанда милиционерлерге неліктен театрға бару міндеттелді

Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода құқық қорғау органдарының әрбір қызметкеріне айына бір рет театрға баруды тапсырды.

  • 11 Сәуiр 2017
  • 306
Фото - Caravan.kz

Мұндай тапсырма ішкі істер министрінің бастамасымен және құқық қорғау мекемесінің орталық аппарат басқармасының толық құрамы өткен аптада Әбілқасым Лахути атындағы мемлекеттік драма театрына барып, «Чархи гардон» тарихи көрінісін көріп қайтқаннан кейін берілген.

ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Умарали театрға бару қызметкерлердің рухани-адамгершілік деңгейін көтереді әрі ауыр еңбек күнінен кейін, шаршағаныңды басады дейді.

ІІМ баспасөз хатшысының айтуынша, ішкі істер министрі тарихи көріністі тамашалағаннан кейін, оның драматургы Нур Табаровқа алғысын білдіріп, қойылым ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына ұқсайды деп, ай сайын театрға барып тұратынын айтқан.


Соңғы жаңалықтар