Тәжікстанда шикі мақта түсімінің 61% астамы жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда шикі мақта түсімінің  61% астамы жиналды

Тәжікстанда шикі мақта түсімінің 61% астамы жиналды

Душанбе. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда бүгінгі күні 331 мың тонна шикі мақта, немесе, мемлекет биылғы жылға межелеген түсімінің 61% астамы жиналды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Тәжікстанның ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау министрлігінен хабарлады.

  • 11 Қазан 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Согды облысында қазіргі жағдаймен жергілікті мақта зауыттарына 98 мың тоннадан астам мақта тапсырылды, бұл мемлекеттік жоспардың 57%-іне тең. Хатлон облысында маусым басталғаннан бері 205 мың тонна мақсат жиналған. Бұл жоспардың 61%-і.

Былтыр тәжік мақташылары 440 мың тонна шикі мақта жинап алған. Бұл жоспарланған 547 мың тоннаның 80% жуығы еді. 2005 жылы 447 мың 408 тонна, яғни, осы жылға межеленген 601 мың тонна түсімнің 73,3% көлемінде мақта жиналды. Биыл тәжікстанда мақта еліген алқаптардың аумағы 6 мың гектарға кеміді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті