Тәжікстанда жаппай тәртіпсіздік орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда жаппай тәртіпсіздік орын алды

Тәжікстанда жаппай тәртіпсіздік орын алды

Еліміздің Сырты істер министрлігі Тәжікстандағы қақтығыстан зардап шеккендер арасынан да отандастарымызды іздестіріп жатыр. Хорог қаласын жаппай тәртіпсіздік жайлады.  Мұндағы атыс-шабыс кезінде 3 адам өліп, ондағаны жараланды. 

  • 23 Мамыр 2014
  • 183
Фото - Caravan.kz


Жаппай тәртіпсіздікке Ішкі істер министрлігінің арнайы операциясы себеп болған. Тәртіп сақшылары құрықтау шарасы кезінде есірткі саудагерінің бірін атып өлтірген. Бұған қарсылық танытқан жұрт көшеге шығып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Мыңдаған тұрғын сот, прокуратура мен милицияның ғимараттарын өртеп жіберді. Қазір Хорогта төтенше жағдай жарияланып, қалаға Душанбеден арнайы жасақ тартылып жатыр. Жағдайдың ушыққаны соншалық, бірқатар мемлекеттер өз азаматтарына Тәжікстанға уақытша бармауға кеңес беруде.