Тәжікстанның оңтүстігінде себілген астық тұқымы суда қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанның оңтүстігінде себілген астық тұқымы суда қалды

Тәжікстанның оңтүстігінде себілген астық тұқымы суда қалды

Куляб. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның оңтүстігінде, Хатлонның Куляб ауданында 20 гектар жерге себілген бидай тұқымы Сай Зераки өзенінің тасуы салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 467
Фото - Caravan.kz

Куляб ауданының төтенше жағдайлар штабының бастығы капитан Орзу Рахмонов хабарлағандай, Тәжікстанда соңғы үш күн бойы үздіксіз жауған жаңбыр Сай Зераки өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне алып келген. Нәтижесінде бүгін таңертең тасқын су Хамадони шаруашылығының астық тұқымдарын шайып кетті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орынында төтенше жағдайлар және Мелиорация және су ресурстары министрлігінің өкілдерінен тұратын арнайы топ жұмыс істеуде. Апат аймағына қажетті барлық техника жеткізілген.

О. Рахмоновтың айтуынша, бүгін кешке дейін өзен жағасындағы жырылған жер жабылады. Келтірілген шығын көлемін арнайы құрылған комиссия анықтайтын болады.

О. Рахмоновтың мәліметтеріне сүйенсек, қатты жауған жаңбыр жалпы алғанда өзендердегі су деңгейін күрт көтермеген. «Яхсу өзенінің бойында ерте ескерту постылары орналасқан. Олар өзендегі су деңгейі жайнда ақпарат беріп отырады. Қазіргі уақытта бізге олардан алаңдарлықтай ақпарат келіп түскен жоқ», — деп сөзін қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті