Т.Бекмамбетовтың "Шыршалар" фильмі алты елде түсіріледі
![]() |
Қазақстандық танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетовтің жаңа жылдық дәстүрге айналған "Елки" ("Шыршалар") фильмінің келесі бөлімі алты елде түсіріледі деп жоспарлануда. |
"Жыл сайын көрсетілетін бұл фильм көрермендердің көзайымына айналған. Бұл жобаның басты ерекшелігі – әртүрлі ұлттың талғамына сай келуінде. Сондықтан келесі бөлімді алты түрлі елде түсіруді жөн көріп отырмыз", - дейді Т.Бекмамбетов.
Әзірге түсірілім алаңы Германия, Оңтүстік Корея және Мексикада болатыны анықталды. Аталған туынды 6 оқиғаның басын құрайтын болады. Әр елдің оқиғасы өз тілінде түсіріліп, кейін дыбысталады.
Айта кетейік, жаңа фильм әдеттегі Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қызықты оқиғаларды баяндап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ, деп жазды baq.kz.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін