Театр директорларын қорғаушылар болашақта қазақтан шыққан Саакашвилиді бездіріп жіберуге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Театр директорларын қорғаушылар болашақта қазақтан шыққан Саакашвилиді бездіріп жіберуге дайын

Театр директорларын қорғаушылар болашақта қазақтан шыққан Саакашвилиді бездіріп жіберуге дайын

 

  • 9 Қаңтар 2018
  • 1806
Фото - Caravan.kz

Пара алып жатқан жерінде ұсталған Әуезов театрының директоры Ерлан Біләл мырзаны қолдау мақсатында өнер қайраткерлері өткізген жиынға байланысты желіде түрлі пікір қалыптасып үлгерді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Көпшілік, әсіресе өнер адамдары бір мәрте абайсызда шалыс басқан азаматты күстәналамайық десе, енді бірі заң алдында барлығы бірдей деген мағында ой айтуда.

Дегенмен желі қолданушыларының арасында Олжас Әбілдің жазғаны назар аударарлық екен. Ол өз парақшасында былай депті:

«Жақында осында менен бір досым "Саакашвилиге грузиндер сайлауда неге дауыс бермеді" деп сұраған еді. Оның себебі — Саакашвили өз елінде жүздеген парақор театр деректірлерін соттаған.


Сосын ол театр деректірлерін ұлтжанды деп білетін қауым бар, оның табынушылары бар, туыстары, әріптестері бар, анасы — мынасы бар дегендей….
Сонымен шап — шағын Грузияның жартысынан көбі шығып қалады.
Солар кейін Саакашвилиге қарсы дауыс берді. Ал Миша оларға жемқорлықты жойып беріп, өзі кете барды.
 

Мына біздің "театр деректірлерін қорғаушылар" келешекте қазақтан шыққан Саакашвилиды бездіріп жіберуге дайын екен. Оны көз көріп отыр», — делінген жазбада.

Еске салсақ, өткен аптада Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры, белгілі актер Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталып қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар