Текелі әкімі қоластындағы қызметкерінің жемқорлық қылмысы үшін қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Текелі әкімі қоластындағы қызметкерінің жемқорлық қылмысы үшін қызметінен кетті

Текелі әкімі қоластындағы қызметкерінің жемқорлық қылмысы үшін қызметінен кетті

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы экс-әкім Facebook желісінде жазды.

  • 21 Қыркүйек 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Және бүгін облыс әкімі – Амандық Ғаббасұлы отставкамды қабылдады», — деп жазды ол.

4 жылға жуық Текелі әкімі болған Бақтияр Өнербаев қала басшысы болғанда азды-көпті атқарған жұмысына тоқталды.

«Сіздермен бірге қоян-қолтық Текелінің өсіп-өркендеуіне, дамуына қолдан келгенше үлес қостық. Әрине, әлі күнге дейін көптеген мәселелердің түйіні шешілмегені мені де мазалайды. Бір қуантатын жәй — Текелі қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болған су мәселесі жартылай шешілді, енді жалғасын таппақ. Екіншісі – экологиялық мәселе, яғни, қорғасын-мырыш зауытының қала ортасындағы жатқан өндірістік қалдығының рекультивациясы жобасы басталды, жылдың соңына дейін аяқталуы қажет», — деп тоқталды ол.

Қызметінін өз еркімен кеткен шенеунік болашақта Текелі қаласының ең дамыған, туристік қаланың біріне айналатынына сенімі мол екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар