Текеліде оқушыларға жыныстық қатынас туралы брошюра таратылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Текеліде оқушыларға жыныстық қатынас туралы брошюра таратылған

Текеліде оқушыларға жыныстық қатынас туралы брошюра таратылған

Білім басқармасының ақпаратынша, психолог буклеттерді шатастырып алған.

  • 21 Сәуiр 2023
  • 40
Фото - Caravan.kz

Текелі қаласында мектеп оқушыларына жыныстық қатынастың түрлері туралы мағлұмат жазылған брошюралар таратылған. Жетісу облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ашулы ата-аналар әлеуметтік желіде балаларға таратылған материалдардың фотосын жариялады. Кітапшада жыныстық қатынастың түрлері туралы толық ақпарат берілген.

Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметінше, Текелінің №8 мектебінде құқықтық апта аясында 7-9 сынып оқушылары кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау комиссиясының хатшысымен және қалалық аурухананың психологымен кездескен. Мамандар жасөспірімдермен әңгімелесіп, "Буллинг" және "Кибербуллинг" туралы бейнероликтер көрсеткен.

"Қалалық аурухананың дәрігер-психологы ЖИТС орталығы бекіткен буклеттерді тарату кезінде қателесіп басқа жастағы пациенттерге арналған брошюраларды таратып жіберген", — деп түсіндірді басқармадағылар.


Осы жәйттен кейін қалалық аурухана әкімшілігі мектеп басшылығымен бірге ата-аналармен кездесіп, олардан кешірім сұрады.

Қалалық білім бөлімі жіберілген ағаттық үшін мектеп әкімшілігімен түсіндіру жұмысын жүргізеді. Білім басқармасы қызметтік тексеріс бастады.

Сондай-ақ жуырда мектеп оқушыларымен жұмыс барысында мұндай жағдайларға жол бермеу және жұмыстың белгілі бір форматын әзірлеу мәселесі бойынша "Дөңгелек үстел" ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар