Техаста ұшақ құлап, 10 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Техаста ұшақ құлап, 10 адам қаза болды

Техаста ұшақ құлап, 10 адам қаза болды

Американың Техас штатындағы Даллас қаласы маңында жеңілқозғалтқышты ұшақ құлап, он адам мерт болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

  • 1 Шiлде 2019
  • 7
Фото - Caravan.kz

Жергілікті биліктің мәліметінше, әуе апаты салдарынан Эддисон әуежайы территориясындағы ангар өртенген. Бұл әуежай Даллас қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.

Әуежай өкілі Мэри Розенблиттің айтуынша, апат жергілікті уақытпен сағат 9:10 шамасында болған. Ұшақта болғандардың ешқайсысы тірі қалмаған.