Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «7-қарашаның 18.00 жағдаймен жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижелері, өте қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарының табылмағандығын, формальдегид құрамы тиісті мөлшерден аспайтындығын көрсетіп отыр, сондай-ақ металдардың бос тұздары да табылмаған».
Бұрын хабарлағанымыздай, 5-қарашада ЮНИСЕФ Португалиядан сәлемдеме келген болатын. Оны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тексеру кезінде металлодетектор іске қосылған болатын. Күзетші сәлемдемені ашып, пошта қорабшасындағыларды мұқият тексеруге кіріскен. 20 минут өтісімен ол өзін нашар сезіне бастаған. Оқиға болған жерге шұғыл түрде Ішкі істер департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, санитарлық-эпидемиологиялық станцияның және басқа да қызметтердің қызметкерлері шақырылған. Жүргізілген арнайы шаралар барысында, сәлемдемеде ерекше иісі бар мата орамалдардың болғандығы белгілі болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті