Тексеруге емес, қазы-қарта асауға келетін комиссиялардың жұмысы сыналды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тексеруге емес,  қазы-қарта асауға келетін комиссиялардың жұмысы сыналды

Тексеруге емес, қазы-қарта асауға келетін комиссиялардың жұмысы сыналды

Қазан-қазан ет асып, комиссия күткенді доғару керек!  Депутаттар бүгін тексеруден көз ашпайтын мектептерге араша түсті. Себебі шенеуніктер білім ордаларын майшелпекке айналдырған. Бірақ табель қарауға емес, негізінен табақ толы еттен асауға барады екен.

  • 4 Маусым 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz

Мектептерге әсіресе төтенше жағдай, СЭС, аудандық, облыстық білім департаменттері тыныштық бермейді. Бұл мұғалімдер арасында жүргізілген жасырын сауалнама барысында анықталған. Себебі ұстаздардың көбі  «жұмыстан айырыламыз» деген қорқыныштан аты-жөнін айтудан бас тартыпты. Ал сыныққа сылтау іздеген комиссия тіпті қымсынбайтын көрінеді. Ұстаздар болса, өз қалтасынан ақша шығарып, жылына шамамен  30 рет шенеуніктерге аста төк дастархан жайып, ет асып береді. Тексерушілер төрде отырып қонақ болуға әдеттеніп алған. Әсіресе, жөн-жосықсыз тексеру еліміздің оңтүстігі мен батысында белең алыпты. Оның үстіне комиссия мүшелерінің ісапарға шыққаны үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр. Мұндай бассыздыққа жағасын ұстаған депутаттар тексерудің санын ғана емес, оған бөлінетін ақшаны қысқартуды талап етті.


Камал Бұрханов, Мәжіліс депутаты:

-Мектепке орта есеппен бір айда 2 тексеру келеді де, бүкіл ұжымның мазасы кетеді. Мысалы, мұғалімдер комиссияға аяғынан тік тұрып қызмет етеді, керек болса адамның санасына симайтын құжаттарды тауып беруге міндетті. Оған қазан-қазан ет асып, қонақ етіп күтуді қосыңыз. Бірақ, комиссия мүшелері бәрібір мін тауып, айыппұл салып кетеді.