"Тексерулер бола қалса, Мұхамеджан Тазабек Нұржан Жарас деген кісіні құрбандыққа шалуға дайындап қойыпты" - Тоқтар Жақаш - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тексерулер бола қалса, Мұхамеджан Тазабек Нұржан Жарас деген кісіні құрбандыққа шалуға дайындап қойыпты" - Тоқтар Жақаш

"Тексерулер бола қалса, Мұхамеджан Тазабек Нұржан Жарас деген кісіні құрбандыққа шалуға дайындап қойыпты" - Тоқтар Жақаш

Журналист Тоқтар Жақаш Мұхамеджан Тазабекке қатысты, "Асыл арна" туралы жаңа пост жазды.

  • 12 Сәуiр 2022
  • 1078
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мұхамеджан Тазабеков "Асыл арнаны" пәлен жыл басқарғанда бухгалтерлік қағаздарының бірде-біреуі дұрыс емес еді. Тіпті, мекемесінде бухгалтер деген атымен болмаған! Қызметкерлеріне жалақыны қолма-қол төледі. Мемлекетке төленуі тиіс салықтың барлық түрінен ашық жалтарып отырды. 

Әзірге, Мият Кәшібайдың хабарына назар аударайық. Оның жазуынша, "Мұхамеджан Тазабеков "Тәлім ТВға иелік ететін "Асыл арна" ЖШС құрылтайшылығынан шығып кетіпті. Бұрын бұл мекеменің жалғыз құрылтайшысы Мұхамеджан Тазабеков еді" деп жатыр. Яғни, құлағымен ін қазған Мұха ертең тексерулер бола қалса, Нұржан Жарас деген кісі құрбандыққа шалуға дайындап қойыпты!

Арыс қаласында туған Нұржан Жарас туралы қосымша мәлімет пен суретті алып тастадым. Өйткені, тағы да бір Нұржан Жарас деген жігіт "Асыл арнада" бұрыннан техник боп істейтін. Сол болуы бек мүмкін. Ал анау ушлый Тазабеков қай жаққа қашып кеткелі жатыр екен?", — деп жазды Тоқтар Жақаш.


Бұл тек қана журналист Тоқтар Жақаштың жеке ойы, пікірі және Caravan.kz медиа порталының ұстанымы болып табылмайды! 

Соңғы жаңалықтар